Қытайда су тасқыны құрбандарының саны өсті

Қытайдың оңтүстігіндегі су тасқыны құрбандарының саны 90-ға жетті. "Синьхуа" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, олардың басым көпшілігі лай көшкінінен қаза болған. Аймақта тағы күшті дауыл болады деген алаңдаушылықтардан кейін 1.4 миллион адам басқа жерге көшірілді.