Жексенбі күні Қырғызстанның қауіпсіздік күштері Ош қаласындағы этникалық өзбектердің қорғанып жасап алған барикадаларын алып тастай бастады. Бронетанкілер этникалық қақтығыс кезінде өртенген көліктер мен бөренелерден жасалған кедергілерді алып тастап жатыр.
Хабарларға қарағанда, кейбір жерлердегі жергілікті өзбектер де баррикадаларды алуға көмектесе бастаған. Ресмилердің айтуынша, этникалық төбелестен қаза тапқандар саны 2 мыңға жетуі мүмкін. Бұл ұлтаралық қақтығыстан 400 мыңдай адам босып кетіп, аймақта гуманитарлық дағдарыс өріс алды.
Жексенбі күні Қырғызстанның уақытша үкіметі елдің оңтүстігіндегі Ош қаласы мен оған жақын аймақтарға енгізілген төтенше жағдай тәртібін тағы 25-ші маусымға дейін ұзартты.