Бразилиядағы су тасқынынан мыңдаған адам жоғалып кетті

Бразилияның солтүстік батысындағы нөсер жауыннен кейін болған су тасқыны мен сел салдарынан жоғалғандар қатары мыңдап есептеледі.

Табиғат апатынан 38-ден астам адам қаза тауып, 600-ден аса адам жоғалып кетті.

Өзендердің тасуына себеп болған нөсер жауыннан екі штат зардап шеккен. Алагос және Пернамбуку штаттарының 40 мыңнан астам адамы баспанасыз қалды, 65 мың адам құтқарылды.