Қырғызстан: парламент сайлауы 1 ай ерте өтеді

Осы сейсенбі күні қырғыз кәсіпкерлерімен кездесуі кезінде уақытша үкімет төрайымының орынбасары Өмірбек Текебаев парламент сайлауы қыркүйек айының бірінші жартысында өтетінін хабарлады. Оның айтуынша, парламент сайлауына деген әзірлік шаралары 27 маусымға белгіленген референдумның ізінше басталады.


Текебаевтың сөзіне қарағанда, қысқа уақыттың ішінде биліктің заңды мекемелері құрылуға тиіс, уақытты созу елдегі ахуалды ушықтыра түсуі ықтимал.


Оның алдында Қырғызстанның уақытша үкіметі парламент сайлауы 2010 жылдың 10 қазанында өтетінін хабарлаған болатын.