Конгодағы апаттан 60-қа жуық адам қаза тапты

Конго астанасы Браззавильде болған пойыз апатынан 60-қа жуық адам көз жұмып, 400-ден аса адам түрлі жарақат алды.

Ел оңтүстігінде төрт вагон рельстен шығып кеткен. Апатқа байланысты билік осы сенбіні аза тұту күні деп жариялады.