АҚШ Доку Умаровты террористер қатарына қосты

АҚШ, шешен бүлікшілерінің жетекшісі Доку Умаровты террористер тізіміне енгізді.

Америка мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның мәлімдеуінше, Доку Умаровтың АҚШ-тағы барлық есеп шоттары кілттеніп, онымен байланысты болған барлық фирмалар мен жекелеген тұлғаларға санкциялар салынбақ.

Ресей билігі Умаровты көптеген терактілер - оның ішінде наурыз айында болған Мәскеу метросындағы жарылысты ұйымдастырды деп айыптап отыр.