Грекияда кезекті ереуіл басталды

Грекияда зейнетақы жүйесін реформалау мен еңбек заңына қарсы кезекті 24 сағаттық жаппай ереуіл басталды.

Осыған байланысты темір жолдар мен халықаралық әуе қатынастары тоқталады деп хабарланып отыр.

Бүгін ел парламенті, дағдарыс кезінде қаржы саясатын жүзеге асыруда қатаң шектеулер енгізу туралы жарыссөздер бастайды.

Қабылдануы мүмкін шаралардың ішінде - зейнетақыны қысқарту, зейнеткерлік жастың ұзаруы мен адамдарды жұмыстан шығару тұр.