Қырғызстан жаңа Конституцияға дауыс берді

Жексенбі күні өткен референдумда Қырғызстан сайлаушыларының 90 пайызынан астамы президент құзырын шектейтін және Қырғызстанды Орталық Азиядағы тұңғыш парламенттік республикаға айналдыратын жаңа Конституцияға дауыс берді.