Ларри Кинг Си-Эн-Эн арнасындағы өз бағдарламасын жабады

Америкалық тележүргізуші Ларри Кинг Си-Эн-Эн арнасында соңғы 25 жыл бойы жүргізіп келген Larry King Live атты өз бағдарламасын күзде жабатындығын мәлімдеді.

76 жастағы Кинг, уақытының басым бөлігін отбасымен бірге өткізгісі келетіндігін айтады. Дегенмен, ара-тұра Си-Эн-Эн арнасында арнайы бағдарламалар жүргізуі мүмкін екендігін жеткізді.

Түрлі саладағы ондаған танымал адам қонақ болған Ларри Кингтің бағдарламасы, тұрақты жүргізушісімен, ұзақ уақыт жүргізіліген бағдарлама ретінде Гиннестің рекордттар кітабына енгізілген еді.