АҚШ Мексика шығанағын мұнайдан тазартуда 12 елдің көмегін қабылдайды

Вашингтон, Мексика шығанағында мұнай платформасында болған апаттың салдарын жою үшін 12 мемлекетпен бірлесе жұмыс істеуге келісті, делінген АҚШ мемлекеттік департаменті таратқан ақпаратта.

Әзірге қол ұшын беретін мемлекеттердің бірі - Жапония екендігі мәлім. Ол шығанақ бетінен мұнайды жинауға арналған жоғарғы технологиялық екі құрылғы береді.

Бұдан бұрын Мексика шығанағындағы төгілген мұнайды жинауға 30-дан аса мемлекет өз көмегін ұсынған.

Сәуірдің 20-ы күні Deepwater Horizon мұнай платформасында апат болып, 11 жұмысшы қаза болды. Шығанақтағы екі айдан аса уақыттан бері мұнай ағып жатыр.