Қазақстан парламенті демалысқа шықты

Бүгін Астанада Қазақстан парламенті қос палатасының бірлескен кеңесі өтті. Оны мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов ашты. Кеңеске премьер-министр, үкімет мүшелері мен Жоғарғы сот төрағасы қатысты.

Орал Мұхамеджановтың мәлімдеуінше, 3 сессияның жұмысы барысында 199 заң жобасы қаралып, оның 51-і келесі сессияға өтті. Жалпы сессия қортындысы бойынша елдің құқықтық базасы 103 заңмен толған.