"Талибан" бүлікшілері НАТО базасына шабуылдады

"Талибан" бүлікшілері Ауғанстан шығысындағы НАТО күштерінің базасына шабуылдады. Халықаралық қауіпсіздік күштерінің баспасөз хатшысы бір топ бүлікшінің базаға шабуыл жасағанын растады, бірақ олар Нангархар өлкесінің Жалалабад қаласы жанындағы базаға кіре алмады деп мәлімдеді.

Жергілікті әкімшілік баспасөз хатшысының хабарлауынша, базаға кіре берісте бір жанкешті өз көлігін жарып жіберген. Ал "Талибан" өкілінің айтуынша, базаға 6 жанкешті шабуылдап, ондаған сарбазды өлтірген.