Сенбіде Отунбаева қырғыз президенті ретінде ант қабылдамақ

Ресми өкілдердің айтуынша, Қырғызстан Уақытша үкіметінің жетекшісі Роза Отунбаева шілденің 3-де президент ретінде ант қабылдайды.

27 маусымдағы референдумда сайлаушылардың басым бөлігі жаңа конституцияны қолдап дауыс берді. Оған сәйкес, президент құзыры азайтылып, елде парламенттік республика құрылмақ. Қырғыз билігі парламенттік сайлауды қазанның 10-на белгіледі. Сайлаудан кейін елде тұрақты үкімет жасақталады.

Уақытша үкімет сәуір айындағы толқулар барысында бұрынғы президент Құрманбек Бакиев биліктен қуылған соң құрылған болатын.

Отунбаева 2011 жылға дейін президент қызметін атқармақ.