АҚШ-та "орыс тыңшыларының" бірі кепілге босатылды

Нью-Йорк округтік соты, Ресей пайдасына тыңшылық жасау ісі бойынша жауапқа тартылған перулік журналист Вики Пелаэзді кепілге босатты.

Бейсенбі күні АҚШ-та ұсталған он адамның төртеуіне қатысты сот өткен болатын. Сол төртеудің үшеуі қазір қамауда отыр.

Америка прокуратурасының ақпараты бойынша, ұсталғандардың бірі өзінің Ресей барлау қызметіне жұмыс істегендігін мойындаған.