Швецияда банк тонамақ болған біреу бірнеше адамды кепілдікке алды. Ол туралы тілшіміз хабарлады.
Стокгольмнің орталығындағы Эстермальм алаңында орналасқан Handelsbanken бөлімін тонамақшы болған белгісіз біреу екі адам мен банк қызметкерін кепілдікке алды. Куәгерлердің айтуынша, тонау кезінде банктің ішінде болған бір әйел сыртқа сытылып шығып үлгеріпті.
Швед полициясының мәліметі бойынша, банкте қалғандардың ешбір әзірше зардап шекпеген.
Қазір банк кеңсесін полиция мен арнаулы әскери бөлім жауынгерлері қоршап тұр. Жақын маңдағы үйлердің шатырларына мергендер орналасты.
Полиция қаскүнеммен келіссөз жүргізіп жатыр, бірақ оның нәтижесі әлі белгісіз.
Қазіргі мәліметке сәйкес, қаскүнемнің қолында қару жоқ.