Байден Ирақ саясаткерлері арасындағы түйінді шешуге тырысады

АҚШ вице президенті Джо Байден жексенбі күні Бағдадта Ирақ жетекшілерімен кездесіп, елде жаңа үкімет жасақтау процесін жылдамдатуға күш салмақшы.

Байден алдымен Ирақ премьер-министрі Нури әл-Мәликимен, кейін оның қарсыласы экс-премьер Аяд Аллавимен кездеседі.

Ирақ саясаткерлері парламенттік сайлау өткен наурыздың 7-нен бері үкіметті құруға кімнің құқы бар деген мәселені шеше алмай келеді. Әл-Мәлики мен Аллави әрқайсысы парламентте басымдық алуға тырысып келеді.