Беларусь, Ресей және Қазақстан Кедендік кодексті қабылдады

Беларусь, Ресей және Қазақстан Кедендік кодекстің шілденің 6-сынан бастап күшіне енуі туралы мәлімдеме қабылдады. Үш мемлекет басшылары бұл құжатқа бүгін Астанада Еуразиялық экономикалық қауымдастық саммитінде қол қойды.

Қырғызстан және Тәжікстан басшылары – Роза Отунбаева мен Эмомали Рахмон Астанадағы брифингте Кеден одағына кіру мүмкіндігін қарайтындықтарын мәлімдеді.

Еуразиялық экономикалық қауымдастық мемлекетаралық кеңесінің келесі мәжілісін жыл аяғында Мәскеуде өткізу туралы шешім қабылданды.