Польшадағы президент сайлауында Коморовский алда келеді

Польшадағы президент сайлауының екінші турында дауыстардың 95 пайызы бойынша Сейм спикері Бронислав Коморовский алда келеді.

Алдын-ала нәтиже бойынша, Коморовский 52 пайыздан, ал оның қарсыласы – оппозиция жетекшісі Ярослав Качиньский 47 пайыздан астам дауыс жинады.

Сайлаудың ресми нәтижесі бүгін кешке жарияланады деп жоспарланған.

Польшадағы сайлау президент Лех Качиньский биыл сәуір айында әуе апатынан қайтыс болуына байланысты ұйымдастырылды.