Хиллари Клинтон бүгін Грузияға барады

АҚШ мемлекет хатшысы Хиллари Клинтон Шығыс Еуропа және Кавказдағы туры аясында бүгін Грузияға барады. Клинтонның осы ел президенті Михаил Саакашвилимен кездесуінде аймақтық қауіпсіздік және екі жақты қарым-қатынас мәселелері талқыланады. Бұған қоса ол елдегі азаматтық қоғам және оппозиция өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған.

Грузияға сапары қарсаңында Клинтон Грузияға байланысты мәселеде АҚШ пен Ресей ұстанымдары сәйкес келмейді деп мәлімдеді.

Бес күндік сапары барысында АҚШ мемлекеттік хатшысы Украина, Польша, Әзірбайжан және Арменияда болды.