Далай-лама 75 жасқа толды

Бүгін буддистердің рухани жетекшісі Далай-лама 75 жасқа келді. Ол Гималайдың үнді бөлігіндегі Маклеод қаласындағы ғибадатханада бес мыңға жуық ізбасарларының алдында сөз сөйлейді деп жоспарлануда. Ал бұл шараға қатыса алмайтындарға http://dalailama.com/live сайтында тікелей эфирді көру мүмкіндігі беріледі.

Маклеодта бүгін дінбасы туған күніне байланысты мектептер мен жеке бизнес нысандары жабылады.

Далай-лама Үндістанда 1959 жылдан бері тұрады.