Еуроодақтың сыртқы істер министрлері Газаға сапарлайды

Еуроодаққа мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрілігінің бірқатар жетекшілері Газа секторына келу туралы Израильдің шақыруын қабылдады.

Испан премьер-министрі Хосе Луис Родригас Сапатероның сөзінше, Британия, Франция, Испания және Италия сыртқы істер министрлері, Тель-Авивтің Газа секторына қатысты блокадасын әлсіреткендігін көру үшін осы айдың ішінде Палестинаға барады.

Бұдан бұрын Израиль, Газаға қатысты шектеуді әлсіретіп, осы негізінде аймаққа кіргізуге рұқсат етілген тауарлар тізімін бекіткен еді.