ІІ Елизавета БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында сөз сөйлейді

Британия ханшайымы ІІ Елизавета бүгін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында сөз сөйлейді. 58 жыл ел басқарған ханшайым бұған дейін халықаралық ұйымда бір мәрте ғана – 1957 жылы баяндама жасаған еді.

84 жастағы ханшайым бүгін әлем халықтарын бейбітшілік пен бірлікке шақырады. Нью-Йорктегі қысқа мерзімді сапары барысында ІІ Елизавета 2001 жылы қыркүйектің 11-і күні террорлық шабуылға ұшыраған Халықаралық сауда орталығына тұрған жерге гүл қойып, терракт құрбандарын еске алады.

Ханшайым бұған қоса осы шабуылдан қаза тапқан 67 британдықты еске алу мемориалын ашады.