Павлодар облысында ет пен сүт өнімдерін сатуға тыйым салынды

Павлодар облысының барлық әлеуметтік дүкендері мен ауылшарушылық жәрмеңкелерінде ет, сүт және сүт өнімдерін сатуға уақытша тыйым салынды.

Күйдіргі ошағының таралмауы жөніндегі арнайы штабтың тапсырмасымен Павлодар, Ақсу және Екібастұздың ауылшаруашылық жәрмеңкелері мен дүкендерінде үй жағдайында дайындалған ет және сүт өнімдерін сату уақытша тоқтатылды, делінген мемлекеттік санитарлық эпидемиалогиялық бақылау департаменті таратқан ақпаратта.

Тыйым облыс әкімі Бақытжан Сғынтаевтың арнайы тапсырмасынан кейін алынады.