Пәкістан президенті Қытай басшысымен кездесті

Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари Қытайға алты күндік сапарының екінші күні Қытай төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесті. Екі мемлекет басшылары қауіпсіздік және сауда айналымы мәселелерін талқылады. Асиф Әли Зардари мен Ху Цзиньтао Қытайда «үш зұлымдық» деген атпен белгілі - экстремизм, жікшілдік және терроризммен бірлесіп күресуге келісті.

Қытай баспасөзінің хабарлауынша, екі мемлекет Қытайдың Нинся-Хуэй автономиялық аймағында бірлескен контртеррорлық оқу-жаттығулар өткізеді. Пәкістан және Қытай басшылары ауыл шаруашылық, денсаулық сақтау, құқық, БАҚ, экономика және технология салаларына қатысты жаңа құжаттарға қол қойды.