Орал қаласында «Уральская неделя» газетінің кезекті саны ерекше болып шықты. Газет сот үкіміне наразылық ретінде бірінші бетін бос қалдырған. Бұл туралы баспасөзді қорғайтын «Әділ сөз» ұйымы хабарлады.
Газет редакциясы өз оқырмандарына бос бет – жемқорлық пен баспасөзге деген қысымға наразылық білдірудің жолы екенін хабарлайды.
«Уральская неделя» ұжымы 8 маусым күні газет пен газет тілшісі Лұқпан Ахмедьяровтың кассациялық шағымын қанағаттандырмаған сот үкімімен келіспейтінін осылайша білдіріп отыр. Енді журналист пен газет бірлесіп «ТенгизНефтеСтрой» компаниясына 20 миллион немесе 136 мың доллар моральдық өтемақы төлеуге тиіс.
Газеттің бас редакторы Тамара Есләмова сот үкімі басылымды қаражатсыз қалдырып жабылуға мәжбүр етеді дейді.
2009 жылдың тамызында «Уральская неделя» Лұқпан Ахмедьяровтың келешек «Жымпиты-Қаратөбе» газ құбырының орнында құрылыс жүргізу үшін өткізілген тендер туралы «Тендердің астарында» айдарлы мақаласын жариялады. Автор «ТенгизНефтеСтрой» тендер бітпей тұрып-ақ өзінің жеңетініне сенімді болды деген жорамалын келтірді. «ТенгизНефтеСтрой» өзінің іскерлік беделін қорғап, моральдық өтемақы талап етіп сотқа жүгінді.