НАТО 6 ауғанның өлімі үшін кінәні мойнына алды

НАТО Ауғанстанның шығысында алты ауғандық тұрғынды қателесіп өлтіргенін мойындады. Бұл оқиға бейсенбі күні Пактия провинциясының Жани Хел ауданында орын алды.

НАТО-ның хабарлауынша, адам шығыны нысанаға жетпей қалған артиллериялық оқтан болды.

Осы жанжалдан бір күн бұрын Ғазни провинциясында НАТО-ның әуешабуылдарынан алты ауғандық қаза тапқан еді.