Қырғызстан уақытша үкіметінің тағы бір қызметкері алдағы парламент сайлауына қатысу үшін отставкаға кетті. Уақытша үкімет басшысының бірінші орынбасары Алмазбек Атамбаев президент қызметін уақытша атқарушы Роза Отунбаеваға қызметтен босату туралы өтініш жазды.
Атамбаев социал-демократиялық партиясын басқарады. Бұған дейін уақытша үкімет басшысының орынбасарлары - Өмурбек Текебаев пен Темір Сариев өз еріктерімен қызметтен кеткен болатын.
Қырғызстанда парламент сайлауы қараша айына белгіленген.