Саудабаев: ЕҚЫҰ саммитін Астанада өткізу туралы шешім қабылданады

Бүгін Алматыда басталған ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің форумында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшылары саммитін Астанада өткізу туралы шешім қабылданады. Бұл туралы ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Қазақстан сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев хабарлады.

Сыртқы істер министрлерінің Алматыдағы екі күндік бейресми кездесуінде Қырғызстандағы жағдай мен Ауғанстан мәселелері талқыланады деп жоспарланған.

ЕҚЫҰ-ғамүше елдердің басшылар дәрежесіндегі саммиті төрағалық етуші мемлекетте соңғы мәрте 1999 жылы өткізілген болатын.