«Нүкте» қоятын уақыт емес :)
Тағы жұмыс ауыстырған едім.
Өзіме ұнайды: бір орында отырмайсың, жыбырлайсың, қимылдайсың, ізденесің, сұрайтын адам табылса сұрайсың да, табылмаса миың жеткенімен әйтіп-бүйтіп бір ақылға жеткізесің (қате тапса, босқа, қайтарады :)), таңмен кетіп, түн жамылып келетін жұмыс…
Армандағаным да осы, сенесіз бе? Зыр жүгіріп жүргенде тығыз шаруаларға ғана уақыт табылады екен (блогқа жазу солардың қатарында болып тұрғаны :))
Бір диалог болды жақында. Айта кетейін.
Түс кезінде бастықтар астануға кетті, заказчиктер түстенуге кетпей тұрғанда мен (больше всех нужно) құжаттарды апара салайын деп машина күттім. Апаратын баланың өзінің жұмысы басынан асады: түскі ас кезінде де жұлып алып, жұмсай береді (бұл жолы менің өтінішім бойынша). Жаман ыңғайсызданып, жыбыршып тұрмын. Сонда, бухгалтерияның жұмысын жамандап, жамандап, жанымдағы камазист ағай былай дейді:
– Сенің бастығың – *қазақтан басқа ұлт*, бухгалтерді білесің – *қазақтан басқа ұлт*. Олар өз Отандарына кетеді, ал сен – қаласың. Қазір жақсылап үйреніп ал, сосын өзің сияқты қазақ қыздарына үйретесің…
Эмоциядан басқа дым қалмады, іштей жарыла жаздадым…
Хабарландыру: осы жазбадан кейін Балғырған блогында пікір қалдыру мүмкіндігі болмайды. Пікіріңіз болса жекеге жазыңыз: salteschka айқұлақ (@) gmail нүкте com
http://balgyrgan.wordpress.com