АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Ош қаласына барды

АҚШ мемлекеттік хатшысының Орталық Азия елдері бойынша көмекшісі Роберт Блейк бүгін Қырғызстан оңтүстігіндегі Ош қаласына барды. Бішкектегі АҚШ елшілігінің «Азаттық радиосына» хабарлауынша, Блейк маусым айында ұлтаралық қақтығыстарға ұшыраған аймақ тұрғындарымен кездеседі.

АҚШ республиканың оңтүстік аймақтарына ЕҚЫҰ полициясын енгізуді, бұған қоса ұлтаралық қақтығыстарға халықаралық тергеу жүргізуді қолдады.