Йемендегі қақтығыстан 22 адам қаза тапты

Йеменде шииттер мен үкіметті қолдаушы тайпа арасындағы қақтығыстар барысында кем дегенде 22 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жараланды.

Хабарларға қарағанда, Сауд Арабиясымен шекаралас Саада таулы провинциясындағы қақтығыстар екі күнге созылды. Ресми ақпарат бойынша, қақтыс барысында үкіметті қолдаушы тайпа көсемі қаза тапты.

Аймақтағы кикілжіңдер 2004 жылдан бері жалғасып келеді.