Кашмирде автобус апатынан 25 адам қаза болды

Үндістанның солтүстігіндегі Кашмир аймағында жолаушылар тасушы автобус өзенге құлап, 25 адам қаза тапты.

Жексенбі күні полиция хабарлағандай, жолаушылар көлігі 80 метр төменде жатқан өзенге құлаған. Үндістанның таулы аймақтарындағы жолдарда осындай апаттар жиі орын алады. Оған бір себеп, адамдар көлікке шамадан тыс мініп алғаннан болады екен.