Ресейде алкогольге тыйым салатын заң күшіне енді

Бүгіннен бастап Ресейде автотранспорт жүргізушілері үшін алкогольге толығымен тыйым салатын заң күшіне енді

Президент Дмитрий Медведев жұма күні қол қойған бұл құжат бүгін "Российская газета" басылымында жарияланды.

Осылайша бұл заң осыдан екі жыл бұрын, жүргізушілердің қан құрамында 0,3 промилль алкогольдің болуына рұқсат ететін заңның күшін жойды.