Wikileaks порталы Ауғанстандағы соғыс құпияларын ашты

Ауғанстандағы қазіргі соғыс туралы Wikileaks интернет-порталына шығарылған құпия құжаттар – соғыс қылмыстарының айғағы, деп мәлімдеді бүгін осы порталдың иесі Джулиан Эссанж.

Өткен жексенбі күні Wikileaks-порталында Ауғанстандағы тәліптерге қарсы соғыс операциялары және халықаралық күштердің соғыс қимылдары барысында бейбіт ауғандықтардың қырылғаны жайындағы белгісіз жайттар туралы 90 мыңнан астам құпия құжат жарияланды.

Wikileaks интернет-порталы – құпия құжаттарды іздестіріп, ол құжаттарды бергендердің аты-жөндерін жасырып жариялаумен шұғылданады.

АҚШ пен Англия үкіметтері құпия қағаздардың жариялануына наразылық білдіріп, олардың жарыққа шығуы халықаралық коалицияға кіретін елдерге қатер төндіретінін атап көрсетті.