Иран Еуропа Одағының жаңа санкциясын сынады

Иран сырты істер министрі, дүйсенбі күні Еуропа Одағының Теһранға қарсы бекіткен жаңа санкциясына қатысты шешіміне "өкініш білдіріп, оны сынға алатындықтарын" мәлімдеді.

Бұдан бұрын, атом энергетикасының Халықаралық агенттігіндегі ирандық өкіл Али Асгар Солтание, Таһран өзінің ядролық зерттеу реакторына қажетті отынмен айырбас жөнінде халықаралық келіссөздерге дайын екендігін мәлімдеген еді.

Дүйсенбі күні Еуроодақ сыртқы істер министрлері Брюссельде бекіткен жаңа санкция таяуда ғана АҚШ қабылдаған санкция сияқты, Иранның ядролық бағдарламасына қатысы бар тұлғалар мен ұйымдарға қаржы-экономикалық шектеу қояды.

Оған қоса өткен маусым айында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Иранға қарсы халықаралық санкцияны мақұлдаған болатын.