Дэвид Кэмерон Түркияда жүр

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Түркияға жұмыс сапары барысында бүгін түрік әріптесі Реджеп Тайып Эрдоганмен кездеседі.

Кэмерон Түркияның Еуропа Одағына мүше болуын Ұлыбритания «ашық қолдайды» деп мәлімдеп, бұған қоса Анкараның НАТО-дағы еуропалық одақтастарын қорғау үшін атқарған қызметтері туралы баяндайды деп хабарланды.

Дэвид Кэмерон әрі қарай Үндістанға сапарлайды.