АҚШ елшісі: Астана мен ТШО арасындағы дауды келіссөздер шешеді

Қазақстан мен «Теңізшевройл» арасындағы дау тараптардың нақты ұстанымдарына негізделген келіссөздер арқылы шешілуі мүмкін деп мәлімдеді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Ричард Хоугланд.

Сәрсенбі күні Астанада баспасөз мәслихатын өтізген Хоугланд шетелде жұмыс істейтін америкалық компания екі мемлекеттердің заңдарын сақтауы тиіс деп атап көрсетті.

Қазақстанның қаржы полициясы шілденің 12-і күні «Теңізшевройл» компаниясына қарсы қылмыстық іс қозғады. Полиция Қазақстан кеніштерінде мұнай өндіруші компанияны 212 миллиард доллардың мұнайын заңсыз өндірді деп айыптады. «Теңізшевройл» өзінің ресми сайтында бұл айыптарды негізсіз деп атады.