Бүгін - Пәкістанда, сәрсенбі күні әуе апатынан қаза болғандарды аза тұту күні. Ұшақ бортында болған 152 адамның көпшілігі - Пәкістан азаматтары. АҚШ елшілігінің хабарлауынша қаза болғандардың арасында екі америкалық болған.
Пәкістан билігі болған апатты ел тарихындағы ең қаралы оқиға деп бағалап отыр.
Сәрсенбі күні Airblue жекеменшік компаниясының A-321 аэробусы қону барысында апатқа ұшырады. Ұшақ Карачиден Исламабадқа бара жатқан.
Алдын ала болжамдар бойынша апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Дегенмен "қара жәшіктер" әлі табылмады. Тергеу жүріп жатыр.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Пәкістанға көңіл айтып, хат жолдады.