Үндістанда жарылыстан төрт әскери қаза тапты

Жарылғыш зат Үндістан шығысындағы Ассам штатында әскерилер мінген екі автобус жолында іске қосылған.

Жергілікті полицияның хабарлауынша кем дегенде төрт сарбаз қаза болып, тағы 30-ы жарақат алған.

Алдын ала болжам бойынша, жарылысты экстремисстік "Бодоленданың ұлттық демократиялық майданы" тобы ұйымдастыруы мүмкін.