Ош депутаттары ЕҚЫҰ полициясын кіргізуге қарсы шықты

Ош қалалық кеңесі бүгін ЕҚЫҰ-ның полиция күштерін кіргізу мәселесін талқылады. Депутаттардың басым бөлігі халықаралық бітімгер күштерін кіргізуге қарсы дауыс берді.

ЕҚЫҰ Қырғызстаның оңтүстігіне 52 полиция қызметкерін жіберу туралы шешім қабылдады. Халықаралық күштердің Қырғызстандағы миссиясы қырғыз президенті Роза Отунбаеваның ұсынысы негізінде ашылғалы отыр.