Пәкістанда тасқын құрбандары 1000-нан асты

Пәкістанда сел тасқыны салдарынан құрбан болғандардың саны 1000-нан асты, тағы 27 мыңнан астам адам көмек күтуде.

Қаза болғандардың саны бұдан да көбеюі мүмкін, өйткені құтқарушылар әзірге кейбір алыс аудандарға жете алмай отыр.

Құтқару операцияларына 30-дан аса әскери тікұшақ, 100-ден астам катер жұмылдырылған. Құтқарушылар сондай-ақ 14 мыңдай үй қирап қалған Сват округінде болған 1,5 мыңдай туристтің қайда жүргенін анықтауға тырысуда.