Жанна Байтелова Алматы сотының алдына тезек лақтырып кетті

«Республика» газетінің тілшісі Жанна Байтелова өз шағымын қараудан бас тартқан Алматы қалалық сотының алдына малдың тезегін лақтырып кетті. Бұған дейін Жетісу аудандық соты Байтелованың ел президентіне елбасы мәртебесін беретін заңға қарсы түсірген арыз-шағымын қараудан бас тартқан еді.

Арызданушы соттан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «елбасы» мәртебесін берген құжатты заңсыз деп тануын, осындай заң қабылдаған парламент палаталарының төрағаларын, премьер-министрді жауапқа тартуын сұраған еді.

Полиция заттай айғақтың жоқтығына байланысты Байтелованы ұстаған жоқ.

Президент үстелінде бір ай жатқан аталған заң жобасына Назарбаев қол қоймаса да маусымның 15-і күні ресми жарияланған күннен бастап күшіне енді.