Мазари-Шарифте қарақшылар банк күзетшілерінің басын шапқан

Ауғанстан солтүстігінде банк тонаған қарақшылар алты күзетшінің бастарын шауып кетті. Оқиға Мазари-Шариф қаласындағы Kabul Bank бөлімшесінде тіркелді.

Қарақшылар банктен жалпы көлемі 270 мың доллардың валюталарын алып кетті.

Балх провинциясы полициясының хабарлауынша, қылмыскерлер күзетшілердің бастарын алмастан бұрын оларды улаған болуы мүмкін.