KazakhGold компаниясының «Қазақалтын» өндірістік бөлімшесінің жұмысшылары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазды. Алтын өндірушілер қаржы полициясының қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізуіне байланысты жалақы төленбегендігіне алаңдаушылық білдірді. Ұжымның президентке үндеуін "Новости" агенттігі жариялады.
Бұған дейін қаржы полициясы жарғылық акцияны алаяқтықпен алған деген күдікпен, KazakhGold акционерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалғандығын хабарлады. Соған байланысты «Қазақалтын» өндірістік бөлімінің банк есептері құлыптанды.
KazakhGold акцияларының 50,1 пайызына ие ресейлік «Полюс Золото» бұл айыптарды теріске шығарды.
«Қазақалтын» концернінде 4 мыңға жуық жұмысшы бар.