Ирақта Саддам Хусейннің бұрынғы жақтасы өлім жазасына кесілді

Ирақта «Баас» партиясы басшылығының бұрынғы мүшесі өлім жазасына кесілді. Мезбан Хабар Хади сулы мекендерді құрғатуға қатысы бар деп айыпталды.

Бұл аймақтарды 1990-шы жылдары шиит бүлікшілері паналаған еді. Мекеннің құрғауына байланысты жүздеген адам қаза тапты, бұған қоса ел экологиясына нұқсан келді.

Мезбан Хадар Хади 2003 жылы – АҚШ әскері Ираққа кіргеннен кейін ұсталды.