Орталық Еуропадағы су тасқынынан 8 адам қаза болды

Хабарларға қарағанда, Чехия, Германия және Польшадағы су тасқыны сегіз адамның өмірін әкетті.

Қалың жауыннан кейін үш елдің шекарасындағы су деңгейі көтеріліп, Чехияда - төрт адам, Германияда - үшеу, Польшада бір кісі су тасқынының құрбаны болды. Аймақта халықты қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүріп жатыр.