Сеул Солтүстік Кореяны балықшыларды жіберуге шақырды

Бүгін Оңтүстік Корея көрші мемлекетті, өткен демалыс күдері Солтүстік Кореяда ұсталған балықшыларды жіберуге шақырды. Кеме экипажы жеті адамнан - төрт оңтүстіккореялық пен үш Қытай азаматынан тұрады.

Оңтүстік Кореяның жағалау қызметі, балықшылардың Жапон теңізіндегі Солтүстік Корея шекарасын бұзған деп мәлімдеді. Пхеньян болса бұл жайтқа қатысты әлі ешқандай түсініктеме берген жоқ.