Сейсенбі күні Шотландия депутаттары ел үкіметінен өткен жылы денсаулығына байланысты түрмеден босатылған Абдель Басет аль-Меграхидің медициналық құжаттарын толық жариялауды талап етіп отыр.
Оппозициялық лейбористер, аль-Меграхиге медициналық қортынды шығарған үш дәрігердің де аты-жөнін жариялауды талап етуде.
1988 жылы Шотландия арқылы ұшып бара жатқан америкалық ұшақты жарып, борттағы 270 адамның өліміне айыпты деп танылған террорист Абдель Басет аль-Меграхи өткен жылы босатылған еді. Оны босату туралы шешім шығарған Шотланд сотында айықпас дертке шалдыққан аль-Меграхидің үш айдан артық өмір сүрмейтіндігі айтылған еді. Дегенмен бүгінде Ливияда тұрып жатқан аль-Меграхи бір жыл өткеніне қарамастан әлі тірі жүр, дейді депутаттар.