Иранда еріне опасыздық жасады деген айыпталып, таспен атып өлтіру жазасына кесілген әйел мемлекеттік телеарнадан көрініп, өзіне тағылған айыптарды мойындады.
Онда Сакинех Мохаммади Аштиани осыған дейін жоққа шығарып келген айыптарды мойындап, күйеуін өзінің танысына өлтірткенін айтқан.
Бірақ оның беті айқын көрінбей, сөйлеген сөзі де әзери тілінен парсы тіліне аударма арқылы беріліп, анық естілмеген.
Аштианидің өлім жазасына кесілуі халықаралық адам құқын қорғаушы ұйымдардың алаңдаушылығын тудырған болатын. Бірқатар елдер де Иран билігіне қайрылып, оны жазаламауға шақырған еді.
Иран билігі сондай-ақ Норвегияға қашып кеткен Аштианидің адвокатын да қамауға алуды тапсырды.