Израиль жұма намазы қарсаңында қауіпсіздігін күшейтті

Рамазан айының алғашқы жұма намазына орай Израиль Иерусалимнің шығыс жағындағы қауіпсіздігін күшейтуге 2 мыңдай қосымша жасақ орналастырды.

Израиль ресмилері жұма күні мұсылмандар әл-Ақса мешітіне көптеп жиналатын болғандықтан, қақтығысқа жол бермеу үшін қосымша әскер тартқанын айтып отыр.

Мешітке кіруге шектеу енгізіліп, жұма намазына 50 жастан асқан ер адамдарды, 45-тен асқан әйелдерді ғана жібереді. Бұл мешітке он мыңдаған адам келеді деп күтіліп отыр. Әл-Ақса мешіті мұсылмандардың Мекке мен Мединеден кейінгі үшінші қасиетті орны болып саналады.